11 қараша 2014 12:39

Назарбаев бизнеске мораторийдің аяқталатынын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан.


Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан.

"Жарияланған мораторий үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Ол дер кезінде жарияланды және бизнес Сіз қолдаған шараны жағымды әрі оң баға береді", - деді ол. 

"Ол жақында бітеді", - деп есіне салды Мемлекет басшысы. Марзахметов Ұлттық палата мен кәсіпкерлер оның аяқталуына дайын екенін жеткізді. 

"...Тағы да шабуылдайды. Жаңа күшпен, демалып алған соң", - деді Назарбаев бизнесті тексеретін мемлекеттік органдар туралы.  

"Барлық жерде Ұлттық палатаның өз өкілі бар, Бас прокуратура белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде біз бұл мәселелерді бақылай алатын және егер қандай да бір тәртіп бұзушылық болса кері байланыс жасай алатын жағдайдамыз", - деп уәде берді ҰКП басшысы. 

Айта кетейік, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2014 жылдың 2 сәуірінде күшіне енді. Ол 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін созылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 ақпанда қаулыға қол қойып, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған болатын. Оның айтуынша, осылайша жоспарлы тексеру тәжірибесі болмайды. Мұнымен бірге, тексеру өткізу форматын түбегейлі қайта қарау арқылы кәсіпкерлерге дешег талаптардың саны 30 пайыздан көп мөлшерде азаяды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети