12 желтоқсан 2014 15:12

Назарбаев Митталға жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрағат. ©akorda.kz Мұрағат. ©akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Арселор Миттал" төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Арселор Миттал" төрағасы әрі бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы "Арселор Миттал" жұмысының оң нәтижелерін атап өтті. "Тұтас алғанда, компания шығаратын өнімдер бағасын қымбаттатудың арқасында көрсеткіштер жақсарып, өсім артты. Құрыш өндірісін 6 миллион тоннаға дейін арттыру негізгі стратегиялық міндет болып қала береді", - деді Назарбаев. 

Қазақстан Президенті жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етудің маңызына назар аударды. "Қазір ең бастысы - өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік жағдайларының жақсы болуы. Менің теміртаулық металлургтер мен қарағандылық шахтерлерге деген көзқарасым ерекше. Сондықтан жұмыс орындары қысқарған кезде және оларға жалақы төленбеген кезде олар маған тікелей өтініш жасайды", - деді Мемлекет басшысы. 

Компанияның бас атқарушы директоры кәсіпорынның инвестицияларды арттыра отырып, өндірісті дамыта беретінін айтты. 

"Соңғы 4 жылда әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, "АрселорМиттал Теміртау" қызметі үнемі кеңейіп отырды, біз жылына орташа есеппен 350 миллион доллардан 400 миллионға дейін инвестиция құйдық. Біз домна пештеріндегі және орталық зауыттардағы өндірісті кеңейтіп, жақсарттық", - деді Миттал. 

Кездесуде компанияның Қазақстан экономикасындағы маңызды ролі мен оның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына белсенді қатысу қажеттілігі аталып өтті. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети