28 сәуір 2015 | 10:22

Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында төраға Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында төраға Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

"Сайлауда сайлаушылардың 95,21 пайызы дауыс берді. Дауыс берушілердің дауысы келесідей болды: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына 57 718 дауыс немесе 0,64 пайыз, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына 8 миллион 833 мың 250 немесе 97,75 пайыз дауыс, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлына 145 мың немесе 1,61 пайыз дауыс берілді. Облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан келіп түскен мәліметтің негізінде, Орталық сайлау комиссиясы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлын Қазақстан Президенті деп тануға қаулы етеді", - деп хабарлады Тұрғанқұлов. 

Таяуда ОСК сайлау қорытындысы бойынша алдын ала мәліметті жария еткен болатын.  республика бойынша сайлаушылардың дауысы мынадай: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына сайлаушылардың 0,7 пайызы, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына 97,7 пайызы, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлына 1,6 пайызы дауыс берді.

26 сәуірде Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы болды. Еліміздің барлық өңірінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін сайлау учаскелері жұмыс істеді. 26 сәуір күні сағат 21.00-де Орталық сайлау комиссиясы учаскелердің жабылатынын хабарлады. Айта кетейік, сайлаудан кейін exit poll мәліметі шыққан болатын. Онда қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті сайлауында 97,5 пайыз дауыс жинады. Әбілғазы Құсайыновқа сайлаушылардың 0,63 пайызы, ал Тұрғын Сыздықовқа қазақстандықтардың 1,87 пайызы дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети