30 қазан 2015 12:34

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Facebook желісінде жауап бере бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында сұрақтарға жауап бере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында сұрақтарға жауап бере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Абаевпен онлайн-брифинг басталды. Бірінші болып ҚазТАГ-тың сұрағына жауап берілді, сұрақ мынадай:

"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан ДАИШ лаңкестерімен күресу үшін Ресей басқарып отырған лаңкестікке қарсы коалицияға қосылсын деген ұсыныс жасады ма? Бұл мәселеге қатысты Мемлекет басшысының позициясы қандай болады?"

"Түсінуімізше, Владимир Путин лаңкестікке қарсы ауқымды коалиция құру туралы ұсынысты халықаралық қауымдастықтағы елдердің бәріне жолдады және Қазақстанға жеке ұсыныс келіп түскен жоқ. Ал еліміздің позициясына қатысты айтатын болсақ, оны Нұрсұлтан Әбішұлы БҰҰ 70-Бас ассамблеясы алаңында айшықтап берді. Біз БҰҰ қамқорлығымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әлемдік бірыңғай жүйені құруды ұсындық. Бұл мақсатқа жету үшін лаңкестікпен күрес бойынша БҰҰ –ның барлығын қамти алатын құжаттарын жетілдіріп, қабылдау қажет", - деп жауап берді Абаев.

Айта кетейік, Tengrinews.kz редакциясы да өз сұрақтарын жолдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақорданың Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмыс форматының өзгеретіні хабарланған болатын. "Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін", - деді Дәурен Абаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети