29 желтоқсан 2021 12:55

Нұр-Сұлтанда мереке күндері мониторингтік топтар тексерісті күшейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алдағы мереке күндері астанада мониторингтік топтар тексерісті күшейтеді. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алдағы мереке күндері астанада мониторингтік топтар тексерісті күшейтеді. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әр мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай нашарлайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Санитария дәрігерлері мерекелерден кейін елорда "жасылдан" "сары" аймаққа оралғанын айтты. 

"Бірлескен күштің арқасында біз жағдайды өзгерте алдық. Бәрі бекерден болғанын қалаймын. Сондықтан Ashyq жобасына қатысатын нысандарда өткізілетін іс-шараларды қоспағанда бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, корпоративтерге тыйым салынғанын еске саламыз. Осыған байланысты тұрғындарға елордадағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін салтанатты іс-шаралар мен мерекелерді өткізуден бас тартуға кеңес береміз. Алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетінін атап өткім келеді", - деді Сархат Бейсенова брифингте.

Бейсенова тексеру "біреуді жазалау немесе айыппұл салу үшін ғана емес, алдын алу шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін де жүргізіліп жатқанын, өйткені қаладағы эпидемиологиялық жағдай осыған байланысты екенін" айтты.

Бұған дейін Сархат Бейсенова COVID-19 штамдарының қай түрі елордада басым екенін айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети