26 желтоқсан 2018 12:31

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты тағы бір үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша түскен апелляциялық шағымды қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша түскен апелляциялық шағымды қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Альмира Шайхина Ескендірдің атасы Олжас Сүлейменов жасаған үндеуді оқып берді. Онда қазақстандық жазушы сот процестері өтіп жатқан кезде оған Малика Мұхитованың туыстары келіп, татуласуды сұрағанын айтады.

"(...) Қызым Лейла Сүлейменова, Ескендірдің анасы және оның әкесі Сергей Хан осы уақытқа дейін өтіп жатқан сот процестеріне белсенді атсалысып жатыр. Бұл физикалық және моральдық тұрғыдан денсаулыққа әсер етіп жатыр, әсіресе қызымның денсаулығына.  (...) Бірақ мен адам өліміне алып келген жол апаты болған жағдайда заң бойынша тараптардың татуласуына болмайтынын білемін. Алайда оның туыстары, барлығы Сүлейменовтер отбасындағы ең үлкені мен болғандықтан, менімен кездескісі келді.

Олармен осымен бірнеше ай бойы кездесіп, араласып жүрген кезде, мен жалғыз немеремді өлтірген қыздың тағдыры жайлы ойлана бастадым. Сонлдықтан 20 желтоқсанда сотқа Мұхитованың жазасын жеңілдету туралы өтініш жасадым. Алайда хат Астанаға жетпей тұрып, Интернетте таралып кетіп, туыстарымның арасында дау шықты. Әрине, хатты жолдау алдында оны қызым мен Сергейге көрсетіп, талқылау керек еді. Бұл менің қателігім. Сот менің жазаны жеңілдету туралы өтінішімді қабылдайды деп сенемін. Құрметпен, Олжас Сүлейменов", - деп оқыды хатты адвокат.

Олжас Сүлейменов немересінің өліміне байланысты сотқа үндеу жасады

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети