25 желтоқсан 2017 23:46

Осы нұсқа дұрыс деп есептеймін - Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің латын нұсқасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің латын нұсқасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы журналистердерің сұрағына жауап бере отырып, жаңа әліпби енгізуге әлі уақыт бар екенін атап өтті. 

"Қазақ әліпбиін латынға көшіру туралы халықпен, зиялы қауыммен ақылдастық, тарихшы ғалымдармен, филологтармен жан-жақты талқылап, бірыңғай жүйеге тоқтадық. Соңғы нұсқа көрсетілді, соны бекіттім. Алайда әзірше жаңа әліпбиді толықтай енгізіп, жұмыс істеуге уақыт бар. Сондықтан барлығы шешіліп қойған мәселе деп ойламау керек. Дәйекше дұрыс па, түрлі нұсқадан таңдау немесе түрік бауырлардың әліпбиін алу туралы әлі де қызу талқыланып жатқанын білемін. Меніңше, әліпби компьютерлік үлгіге сәйкес келуі тиіс. Осы үшін жасадық. Сондықтан қазіргі нұсқаны дұрысы деп есептеймін", - деді Елбасы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев латынға көшудің себебін еске салды. 

"Нағыз тәуелсіздік - тілдің тәуелсіздігі. Бұл ең бастысы. Әлемнің 70 пайызы осы әліпбимен жұмыс істейді. Бұл ғылым мен технологияның, Интернеттің тілі. Екіншіден, бұл қазақ тіліне пайдалы. Кириллицада қазақ тіліне қажетсіз әріптер бар. Үшіншіден, әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіміз тиіс, олармен тереземіз тең болуы қажет. Соңғысы - әліпби қазақ тілін өзге халықтардың меңгеруіне пайдасын тигізеді. Бұл біздің халыққа тиер пайда. Кириллицаның бұрынғыдай қолданыла беретінін айтқанмын, әрі қарай белгілі болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 27 қазанында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Қаулы Ақорданың сайтында жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети