26 желтоқсан 2022 13:41

Павлодарда бұрыш спрейін қолданған такси жүргізушісі ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда такси жүргізушісі жолаушымен жанжалдасып қалған соң бұрыш спрейін шашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда такси жүргізушісі жолаушымен жанжалдасып қалған соң бұрыш спрейін шашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер тексеруді бастады, оқиға Торайғыров көшесінде, әйел көліктен түскен кезде болған.

Оқиға орнынан түсірілген видео полицияға жіберілді.

"Audi көлігінің жүргізушісі ауызша жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрыш спрейін шашып жіберген.
Жүргізуші 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Қала тұрғынына қатысты денсаулыққа зиян келтіру дерегін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Тергеу аяқталғаннан кейін жүргізушіге қатысты іс материалдары Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети