15 ақпан 2023 10:31

Петропавлдағы шабуыл: мектеп оқушысы 2 айға қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылғы 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмағанға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Петропавл мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети