18 сәуір 2022 12:20

Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды? Министр жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Әділет министрі Қанат Мусин Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын, сондай-ақ кімдер туыс деп танылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділет министрі Қанат Мусин Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын, сондай-ақ кімдер туыс деп танылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мусин заңға сәйкес кімдер жақын туыстарға жатқызылады және Президенттің жақын туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды деген сұрақтарға жан-жақты тоқталды.

"Жақын туыстар ретінде заңға ата-ана, балалар, асырап алушы, асырап алынғандар, бір әке-шешеден тараған және екінші некеден туған балалар, атасы, әжесі, немерелері кіреді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада жекжаттар, яғни ерлі-зайыптының жақын туыстарына шектеулер белгіленген", - деді министр.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша министрлер, олардың орынбасары, әкімдер, мемлекеттік орган басшылары және т.б. мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметші лауазымдарының тізілімі анықталған.

"Квазимемлекеттік секторға мемлекет қатысатын ұйымдар кіреді. Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мәселен, Президенттің ағасы, әпкесі, балалары "Самұрық-Қазына" немесе "Бәйтерек" сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқара алмайды", - деді Мусин.

Оның айтуынша, мұндай лауазымдар қатарына белгілі бір дәрежедегі дипломатиялық лауазымдар да қосылады.

"Заң қабылданса". Тоқаевтың туысы елші қызметінен кете ме?

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің жақын туыстарына квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети