10 ақпан 2014 16:27

Прокуратура өзін-өзі өртеп жібермек болған ер адамның ісіне қатысты наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Олифиренко. Кадр ©31 канал Владимир Олифиренко. Кадр ©31 канал

Прокуратура өзін-өзі өртеп жібермек болған ер адамның ісіне қатысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жауапкер В.Олифиренкоға қатысты Қарағанды облыстық соты шығарған сот актілерінің күшін жою және одан кепілақыны өндіріп алу туралы азаматтық істі жаңадан қарауға осы облыстық соттың апелляциялық сатыдағы сотына жіберу туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы келіп түсті",- деп хабарланған таратылған мәліметте. В.Олифиренконың өтініші бойынша наразылықты қарау жөніндегі қадағалушы сот алқасының отырысы 2014 жылғы 11 ақпанда сағ. 10.00-ге тағайындалды. Еске сала кетейік, қарағандылық тұрғын Владимир Олифиренко бір емес, бірнеше рет өзін-өзі өртеп жібергісі келген болатын. Осы арқылы ол соттың әділ үкім шығаруына қол жеткізгісі келген. Оның айтуынша, жарамсыз деп танылған КамАЗ-ды сатқаны үшін одан кепілақыны қайтаруды міндеттеген. Ол соттың кері бірінші инстанциясында дәлелдеп шыққан, алайда кейінгісінде жеңілген. "Енді не істерімді білмеймін. Бәрі бітті! Бұл - ең соңғы мүмкіндік. Бұл сот - мафия. Бізде не болып жатқаны түсініксіз. Қайда барсам да, өз дегеніме жете алмай отырмын", - деді Олифиренко Астанадағы АҚШ елшілігі ғимаратында өзін-өзі өртемек болған уақытында. Бұған дейін ол Астанадағы Жоғарғы соттың ғимаратында өзін-өзі өртегісі келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети