27 шілде 2015 11:01

Серік Ахметов сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов сот залында. © Tengrinews.kz Серік Ахметов сот залында. © Tengrinews.kz

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Қарағандыда сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды.


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Қарағандыда сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталды.

Тыңдау барысында судья осы іс бойынша айыпталушылардың өтінішіне сәйкес, 15.00-ге дейін үзіліс жасау туралы шешім шығарды. Айменбетов пен Тельгариннің қорғаушылары ауысты. Олар іс материалымен танысу үшін уақыт сұрады.

Twitter/‏@KhabarTV 

Бұл іс бойынша Серік Ахметовпен бірге 21 адам жауап береді, олардың қатарында облыстың экс-әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов бар. Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істі Қарағандының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаевтың қарайтыны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Авт.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Оған қатысты үй қамауына алу бұлтарпау шарасы қолданылды.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети