17 шілде 2015 11:15

Серік Ахметовтің ісіне қатысты алдын ала сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Серік Ахметовтің ісіне қатысты алдын ала сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Серік Ахметовтің ісіне қатысты алдын ала сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала сот отырысы 27 шілдеде сағат 10.00-де өтеді. Осыған дейін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке, сонымен қатар, Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істің сотқа жіберілгені белгілі болды. Сонымен қатар, оның ісін судья Исламхан Есенбаевтің қарайтыны анықталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Ахметов ісінің сотқа жіберілгені хабарланған болатын. Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети