23 қаңтар 2024 09:57

Сейсмологтар Алматыда түнде болған жер сілкінісінің қаупін бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Сейсмология институтының директоры Алматыда түнде болған жер сілкінісінің қаупін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сейсмология институтының директоры Алматыда түнде болған жер сілкінісінің қаупін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев көршілес елдерде болып жатқан жер асты дүмпулерінің ықтимал қаупіне баға берді.

"Аумағы кең. Жер сілкінісінің ошағы жер бетіне әлдеқайда жақын болды, ол шекаралық аумақта кең тарады. Географиялық жақындығы 265 шақырым болғанын ескерсек, бұл сейсмикалық оқиғаны қаламыздың тұрғындары да сезінді. Тіркелген бес баллды ескерсек, мұндай жер сілкінісі қаланың инфрақұрылымына ешқандай қауіп төндірмейді", - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар жаңа жер асты дүмпуін сезді. Бірақ ол әлсіз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети