21 қыркүйек 2016 12:06

Шымкентте қызды жол апатынан құтқарып қалған адам оның әкесі болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға болған жер © otyrar.kz Оқиға болған жер © otyrar.kz

Шымкентте қызды жол апатынан құтқарған адам оның әкесі болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте қызды жол апатынан құтқарған адам оның әкесі болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚО ІІД өкілдерінің мәліметінше, екі жаяу жүргіншіні басып кеткен соң оқиға орнынан жасырынған жүргізуші ұсталды. Оқиға 2016 жылдың 20 қыркүйегінде шамамен сағат 9.00-де Момышұлы мен Оспанов көшелерінің қиылысында болған. Audi жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен: 1983 жылғы ер адам мен оның 2009 жылғы қызы.

"Жол апатының салдарынан 33 жастағы ер адам алған жарақаттарынан Шымкентегі ауруханалардың біріндегі жансақтау бөлімінде қаза тапқан, ал оның 7 жасар қызы дене зақымымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ал оларды қағып кеткен Audi жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Сондай-ақ, жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жол апатын жасаған 1950 жылғы жүргізушіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети