09 қаңтар 2017 08:23

Шымкенттегі қайғылы оқиға: Сәби бесіктің арқасында аман қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі көппәтерлі үй опырылған кезде бір жасар Аружан бесіктің ішінде жатып, аман қалған. Бесіктің тіреуіштері үйдің қирандысына басылып қалудан сақтап қалыпты. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.


Шымкенттегі көппәтерлі үй опырылған кезде бір жасар Аружан бесіктің ішінде жатып, аман қалған. Бесіктің тіреуіштері үйдің қирандысына басылып қалудан сақтап қалыпты. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Төтенше жағдай кезінде бір жасар сәби бесікте ұйықтап жатқан. "Газ баллоны жарылған кезде үй төбесі бесіктің үстіне түскен, абырой болғанда, бесіктің жоғарғы ағашы қирандыны ұстап қалған. Сәби бесіктің ішінде дін-аман жатқан", - деп жазады басылым.

Бесікте жатқан сәбиді старшина Руслан Бахрамов далаға алып шыққан. Оқиға орнына келген дәрігерлер сәбиді дереу ауруханаға жеткізген. Бір жасар Аружанның анасы, 1988 жылғы Сабина Орынбаева алған жарақатынан қаза тапты.

Руслан Бахрамов Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшісі. Ер адам қираған үйдің көршісі екен. Ол жарылысты естіп, көшеге жүгіріп шыққан. Осы сәтте қираған үй жақтан баланың жылаған даусы естіледі. Руслан Бахрамов әйеліне жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды бұйырып, айғай естілген жаққа жүгірген. 


"Руслан Бахрамов дер кезінде батыл әрекет етіп, үйіндінің астынан Жұмалиевтер отбасын алып шыққан. "Д.Д.Жұмалиев, оның әйелі, бір жасар қызы және әйелінің шешесі далаға шығарылған, алайда Жұмалиевтің әйелі алған жарақатынан қаза тапты", - делінген "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, 2017 жылдың 8 қаңтарында шамамен сағат 03.30-да Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде орнадасқан екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты үй қираған. Айта кетейік, үй толықтай қирап, жарамсыз болып қалған.

Қазіргі уақытта ауруханада осы оқиғадан зардап шеккен бір адам жатыр, тағы біреуі күйік шалғандардың орталығында. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың себебі газ баллонының жарылуы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети