05 наурыз 2016 12:52

Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gismeteo.ru © gismeteo.ru

Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Наурыздың 5-7 аралығына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Батыс Сібірдің солтүстік аумағындағы суық антициклон оңтүстік-шығысқа ығысып, ол Сібірдің ғана емес, Қазақстанның да ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты республикамыздың басым аумағында жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы төмендейді.

"Таяу күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында күндізгі ауа температурасы -3 және +5 аралығында болса, 7 наурызда ол минус 5-13 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы көтеріліп, 7 наурыздан төмендей бастайды", - деп хабарлады синоптиктер.

Ал еліміздің оңтүстігіне Ираннан келген жылы ауа массалары ығысып, ауа температурасы мамыр айындағы көрсеткіштерге дейін жетеді. Тек батыс өңірге атмосфералық фронттар ықпал етіп, ауа райы жауын-шашынды, алабұлтты болып, тұман түседі деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер наурызда ауа райының қандай болатынын айтты. Метеорологтардың болжамына қарағанда, Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети