02 сәуір 2024 16:18

"Су біз күтпеген жақтан келді". ТЖМ су тасқыны туралы не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа ведомство "Қазгидрометтің" алдын ала ескертуіне неге мән бермегені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа ведомство "Қазгидрометтің" алдын ала ескертуіне неге мән бермегені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында вице-министрге "Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына неге дайын болмады?" деген сұрақ қойылды.

Бауыржан Сыздықов министрлік тиісті жұмысты атқарғанын жеткізді.

"11 өңірдегі 46 елді мекенде тасқын қаупі алдын алынды. Су тасқыны болған 5 облысқа тоқталайын. Су өзендерден емес жазықтан келіп жатыр. Шынымызды айтсақ, су біз күтпеген жақтан яғни даладан келді. Соңғы 30 жылда су тасқыны қаупі даладан туындамаған", - деді ол.

Министрдің орынбасары жазықтағы қар суын тасқынға қарсы дайындық кезінде есепке алу халықаралық тәжірибеде жоқ екенін атап өтті.

"Мені дұрыс түсінбеген шығарсыз. Тағы да қайталап айтайын. Осыған дейін болған су тасқыны өзендерде тіркелді. Яғни, су қоймалары мен гидротехникалық имараттар бар аумақтарда болған, ал даладан ағып келіп жатқан судың өзендерге қатысы жоқ. Яғни, қардың суы тұтастай даладан келіп жатыр. Бүгінде даладан келетін қардың суы ешбір елде ескерілмейді. Түсініп тұрсыз ба? Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек", - деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети