22 сәуір 2024 15:24

Талдықорғанда өкпе ауруларын емдеу орталығында қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Жасыл аймақ" апталығы бастау алды.


Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Жасыл аймақ" апталығы бастау алды.

Бүгін Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірдегі медицина қызметкерлері эко-акцияға атсалысып, Талдықорған қаласындағы фтизиопульмонология орталығының аумағына қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Қылқан жапырақты ағаштар адам денсуалығына өте пайдалы, әсіресе, өкпе ауруларына шалдыққан жандарға табиғи антибиотик ретінде әсер етеді. "Таза ауа – жанға дауа" дей отырып, халық даналығы табиғатпен емдеу шарасының маңыздылығын білдіреді.

Аталған шара облыстық перинаталды орталықта да жалғасын тапты.

Айта кету керек, бес аптаға созылатын ауқымды экологиялық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналған. Ағымдағы айдың 27 дейін "Жасыл аймақ" тақырыбымен өтетін апталық ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеумен ерекшеленеді. Тазалық шаралары облыстың әр аудан, қала, елдімекендерінде жалғасын табуда. Осы аптада облыста жалпы саны 60 астам эко-шара ұйымдастырылып, 6400 көшет отырғызу жоспарланған. Оның ішінде жапырақ тұқымдас ағаштармен қатар, жеміс ағаштары да бар.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети