03 наурыз 2016 11:33

Теңге бағамы Қазақстандағы саяси оқиғаларға байланысты емес - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев теңге бағамының қалыптасуына ел ішіндегі саяси процесстердің әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев теңге бағамының қалыптасуына ел ішіндегі саяси процесстердің әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз нарықта валюта сатып алдық. Егер біз валютаны ұстап тұрсақ, біз оны сата бастайтын едік. (...) Яғни осы жағдайларда, біз белгілі бір мерзімге дейін қандай да бір саясатты жүргізіп отырмыз деп айту дұрыс емес шығар. Себебі біз белгілі бір бағамға дейін резервтен қаражат жұмсайтын едік. Ал біз болсақ ақпанда нарықта валютаны өз резервімізге сатып алу арқылы тұрақтылықты қамтамасыз еттік. Сондықтан бізде нақты бір мерзім жоқ, біз кез келген уақытқа айырбас бағамына болжам жасамаймыз, таяу болашаққа да, ұзақ уақытқа да", - деді Ақышев Парламент Сенатының үзілісінде "Теңгенің нығаюы сайлаумен байланысты ма?" деген сұраққа жауап бере отырып.

"Тағы да айтамыз, ол сыртқы факторлардың әсерімен құрылады, сыртқы фактор деп біз бірінші кезекте мұнай бағасының жағдайын, саудада серіктес елдердің экономикасының жағдайын айтаймыз. Сондықтан, сіздер қазір көріп отырсыздар, мұнай нарығында белгілі бір тұрақталу бар, осыған байланысты теңге бағамы нығайып жатыр. Меніңше, бұл ел ішіндегі саяси процесстерге қатысты емес", - деп атап өтті Ұлттық банктің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети