21 шілде 2022 08:37

Тоқаев, Жапаров және Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/kyrgyzpresident © instagram/kyrgyzpresident

20 шілдеде Шолпон-Ата қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бейресми кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 шілдеде Шолпон-Ата қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бейресми кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.

Президенттердің бейресми кездесуінен суреттер мен видеоны Ақорда мен Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі жариялады.

Тоқаев пен Мирзиеев сәрсенбіде 21 шілдеге жоспарланған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпон-Атаға келді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары аймақтық интеграцияның келешегін әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай аясында қарастырады деп күтіледі. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети