05 маусым 2022 10:28

Тоқаев қаңтар оқиғасын тергеу туралы: Халықаралық сарапшыларды шақыру қажеттілігі жоқ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеуді уәкілетті органдар жүргізіп жатыр, өте мұқият, егжей-тегжейлі жүргізіліп жатыр. Қолда бар материалдарды Бас прокуратура жариялайды. Біздің қоғамға қатысты ешқандай құпия жоқ. Біз бәрін ашық және жоғары кәсіби деңгейде жасаймыз. Сондықтан халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеттілігі жоқ, солай ойлаймын. Бұл жұмыс жалғасады. Шынында да, қарақшылар мен лаңкестер келтірген зиян ауқымы шошытпауы мүмкін емес, өйткені 1600 қызметтік коммерциялық ғимарат бүлінген, 1000-ға жуық көлік өртенген, 3000 қару ұрланған және, әрине, көпшілігі қаза болды, олардың арасында қарақшылар мен террористер бар.

Біз мұның мемлекеттік жүйеге нұқсан келтіруге бағытталған лаңкестік әрекет екенін алға тартамыз, сондықтан оған қатысу, сыбайластық немесе арандату ма, жоқ па, қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту қажеттігі туралы айтып отырмыз. Әсіресе, ұйымдасыру. Мемлекетке қарсы операцияның өзі нақты жоспарланған, оны жақсы дайындалған мамандар басқарды", - деді Президент Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети