13 маусым 2023 12:18

Тонаудың алдын алу үшін: Абай облысындағы ауылдарға сарбаздар жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті кезінде эвакуацияланған ауылдарға көмек көрсету үшін 100-ге жуық сарбаз жіберілді. Олар бірнеше ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге қызмет ететін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық ұланның" Шығыс" өңірлік қолбасшысының шешімі бойынша ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановпен келісім бойынша эвакуацияланған Половинки, Қаштак, Талица және Тепқашы ауылдарына Семей қаласының 5511 әскери бөлімінен 100-ге жуық сарбаз бен 8 техника жұмылдырылды", - деді Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.

Әскери қызметшілер тонаудың алдын алу және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жіберілді. Олар екі ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге қызмет ететін болады.

Жергілікті жерлерде Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің басшылығымен ұйымдастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети