28 қазан 2022 14:22

Түркияда қазақстандық студент із-түзсіз жоғалып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ztb.kz Фото ztb.kz

Түркияның Измир қаласында қазақстандық студент жоғалып кетті. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияның Измир қаласында қазақстандық студент жоғалып кетті. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Әлеуметтік желілерде жоғалған студенттің туыстары Рауан Дарханұлы мен үш студенттің 22 қазанда кешке Докуз Эйлуль университетінің кампусынан кешкі ас ішу үшін шыққанын хабарлаған. Рауанмен бірге білім алатын студенттердің айтуынша, олар кафеден шыққан кезде Рауан смартфонның жоғалғанын түсінген. Смартфонын іздеу үшін ас ішкен жерге қайта барып, оралмаған.

"Біраз уақыттан кейін Рауанмен ас ішкен студенттер оны іздеп барған, бірақ оны таппай, университет кампусына қайтқан. Ал Рауан қайтып оралмаған. Содан келесі күні жігіттер кешкі ас ішкен жеріне қайта барып, Рауанның смартфонын сол жерден тауып алған", - делінген қазақстандық студент туыстарының хабарламасында.

Хабарсыз кеткен студенттің анасы Раушан Ноғайбаева университет басшылығы мен Измир қалалық полициясына арыз жазған. Оған полиция іздеп жатқанын, әзірге хабар жоқ екенін айтты.

Tengrinews.kz редакциясы әзірге жоғалған қазақстандық студенттің туыстарымен байланыса алмады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі болған оқиғадан хабардар екенін хабарлады.

"Түркия билігіне үндеу жасалды, полиция оны іздестіріп жатыр", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети