24 маусым 2014 15:48

Үкімет елді газдандыру жоспарын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Үкіметтің бүгінгі отырысында Қазақстанды газдандырудың бас сызбанұсқасы мақұлданды. Оған сәйкес, 2030 жылға дейін газды тұтынатын абоненттердің санын екі есеге арттыру жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап. 


Үкіметтің бүгінгі отырысында Қазақстанды газдандырудың бас сызбанұсқасы мақұлданды. Оған сәйкес, 2030 жылға дейін газды тұтынатын абоненттердің санын екі есеге арттыру жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгінде газдандырылған елді мекендердің саны 988 болса, жоспарды іске асырудың арқасында оларды 1621-ге дейін арттыруға болады. "Ал абоненттердің саны қазіргі 1 миллион 400 мыңнан 2 миллион 900 мыңға жетеді деп отырмыз. Әрбір отбасыда орташа есеппен төрт адам бар десек, бүгінде халықтың 5,6 миллионы газбен отыр. 2030 жылы олардың саны 12 миллионға өседі", - деді бүгін Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Министрдің сөзіне қарағанда, газ құбырларын ұзартудың арқасында көгілдір отынды тұтынатын облыстардың саны 13-ке дейін жетеді. Қазір 16 облыстың тек 10-ында ғана газ бар. Мұнай және газ министрлігінің есебіне сәйкес, Қазақстанды газдандыру жоспарын іске асыру үшін шамамен 656 млрд теңге қажет болады.

Айта кетейік, бұған дейін өткен баспасөз мәслихаттарының бірінде Қарабалин бір-бірінен алыс орналасқан елді мекендерге газды тарту тиімсіз екенін айтқан болатын. Ал бір шақырым газ құбырын тартуға 2 миллион доллардан астам ақша кетеді. "Бізде облыс орталықтарының өзі бір-бірінен 500-600 шақырым шалғай орналасқан. Оған қыруар қаржы қажет. Ондай жобалардың басым бөлігі ақталмай жатады", - деген болатын Қарабалин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети