27 тамыз 2015 15:20

Ұлттық банк 5 қыркүйекте теңгеде ашылған депозиттердің шығынын өтеу туралы механизмді мақұлдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк 5 қыркүйекте теңгеде ашылған депозиттердің шығынын өтеу туралы механизмді мақұлдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада ақша-несие саясаты мен қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өтіп жатқан брифинг барысында Ұлттық банк өкілі сөз сөйледі.


Ұлттық банк 5 қыркүйекте теңгеде ашылған депозиттердің шығынын өтеу туралы механизмді мақұлдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада ақша-несие саясаты мен қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өтіп жатқан брифинг барысында Ұлттық банк өкілі сөз сөйледі.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес салымшылардың депозиттері бойынша бағам айырмасын өтеу бағдарламасын жетілдіретін комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шоттағы қалдық сомасы 1 миллион теңгеге дейін болатын жеке тұлғалардың теңгеде ашылған мерзімді депозиттерінің шығыны өтелетін болады. Ұлттық банк төрағасы тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы бірінші қыркүйекке дейін осы механизмді мақұлдау керек. Ал 2015 жылдың бесінші қыркүйегіне дейін Ұлттық банк бұл бағдарламаны мақұлдайды", - деді Александр Терентьев брифинг барысында.

Айта кетейік, бүгін KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 241,76 теңгеге тең болды. Осылайға, доллар кешегі сессияға қарағанда 2,23 теңгеге арзандады.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети