23 желтоқсан 2015 11:45

Қазақстан бір миллиард доллар қарыз алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© abnews.ru © abnews.ru

Азия даму банкі Қазақстанға миллиард доллар қарыз береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау (Жай операциялар) (Контрциклдық дамуды қолдау) туралы" ҚР Заң жобасын қабылдады.


Азия даму банкі Қазақстанға миллиард доллар қарыз береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау (Жай операциялар) (Контрциклдық дамуды қолдау) туралы" ҚР Заң жобасын қабылдады.

"Бұл келісіммен Азия даму банкінің контрциклдық дамуға қолдау көрсету үшін қаржыландыру мақсатында бір миллиард доллар көлемінде қаржы беру мәселесі регламенттеледі", - деді депутат Мәулен Әшімбаев, заң жобасы бойынша қорытындыны ұсынып.

"Біз қолға алған бұл заң жобасы үкімет қабылдаған бағдарламаларды қолдау үшін республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында қарыз беруді реттейді. Үкіметтің ақпараттары бойынша, бұл қаржы АДБ арнайы қорымен сақталған. Үкіметтің үндеуін назарға ала отырып, контрциклдық дамуды қолдауға арналған жай операцияларға қарыз беруді ратификациялау мәселесін күн тәртібіне енгізуді ұсынамын", - деді Виктор Рогалев депутаттық корпусқа.

"Қарыз 2016 жылдың бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Бұл қаржы экономиканың бәсекелестігін арттыру бойынша стратегиялық шараларды орындау үшін отандық экономиканы ынталандыру мен негізгі басым бағыттарға жұмсалады. Азия даму банкінің бір миллиард доллар көлеміндегі қарызы бес жыл мерзіміне беріледі, оның ішінде үш жылдық жеңілдікті кезең бар", - деп хабарлады қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Парламент отырысының кулуарында Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бұл қарыздың 2016 жылы қолданылатынын мәлімдеді.

"Олар бізге мұны шартты түрде беріп отыр, биылғы жылдың соңына дейін. Ал біз бюджет тапшылығын 2016 жылдың қаңтарынан бастап қаржыландырамыз. Екі қарыз қарастырылған: біреуі Азия даму банкінен - жеңілдікпен ұзақ мерзімге, ал екіншісі Дүниежүзілік банктен баламалы сомаға", - деді журналистерге Ерболат Досаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Азия даму банкінің Қазақстанға бір миллиард доллар көлемінде қарыз беру туралы кредитті мақұлдағаны мәлім болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети