15 қаңтар 2016 14:17

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларына өтемақының алғашқы бөлігі шілдеде төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшылары өтемақының алғашқы бөлігін шілдеде алады, - деп хабарлайды Primeminister.kz.


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшылары өтемақының алғашқы бөлігін шілдеде алады, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

"Өтемақылар 2016 жылдың шілдесінде және 2017 жылдың қазанында екі транш арқылы төленеді. Өтемақылардың көлемі 35,5 пайызды құрайды", - деді Досаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, өткен жылдың соңында Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қабылданған салымдарға өтемақы төлеу бойынша сәйкес шешім бүгінде "Бәйтерек" ұлттық холдингімен, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен" бірге және Үкімет аясында пысықталып жатыр.

Министрдің мәліметінше, өтемақының жалпы көлемі 60,9 миллиард теңгені құрайды, олардың ішінде 24 миллиард теңгені 2016-2017 жылдарыы ТҚЖБ табыстарымен өтемақы төленеді деп күтіліп отыр. Қалған қаражат Үкімет резервінен биыл және келесі жылы 36,9 миллиард теңге түспек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети