13 мамыр 2015 15:55

Қытайдағы қазақстандық студенттер Батырхан Шүкеновті еске алу видеосын түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com видеосындағы кадр ©Youtube.com видеосындағы кадр

Қытайдағы қазақстандықтар Батырхан Шүкеновті еске алу видеосын түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайдағы қазақстандықтар Батырхан Шүкеновті еске алу видеосын түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы идеяның авторларының бірі Анель Базылованың айтуынша, студенттер жоспар бойынша Батырхан Шүкеновтің өз даусын қосқысы келген, себебі видеода марқұм мен жастар бірігіп ән айтып жатқандай болып көрінуі керек болған. 

"Батырдың анасы мен туыстары көрсе екен деп едік. Түсірілім сәті қалай өтетініне уаймдадым, түсірілім командасын көп уақыт бойы іздедім. Оны режиссерлікке оқып жатқан қытайлық студенттер түсірді. Олар мені тыңдағаннан кейін көмектесуге қуана келісті. Көлдің жағалауында бір ғана күн түсірдік. Режиссер Го Джен идеяны бірден түсінді. Қазақстанның Қытайдағы студенттері ассоциациясының жігіттері келді, олармен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен достарымыз келді. Олар да Батырмен қоштасуға келді. Көзімізден жас шықты, қыздар ән айтып тұрып жылады", - деді Анель Базылова. 

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде еске алу кешін өткізу туралы мәлімдеме жасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети