Батырхан Шүкенов қайтыс болды

29 Сәуір 2015, 05:35
3
Батырхан Шүкенов қайтыс болды -

Қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов 52 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Super.ru басылымы. Алдын ала мәлімет бойынша, А'Студио тобының бірінші солисі жүрек талмасына ұшырап, қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

Әлеуметтік желілерде Шүкеновтың өліміне байланысты Кети Топуриия, Алсу, Полина Гагарина, Мейрамбек Бесбаев және тағы да басқа өнерпаздар көңіл айтты.  "Почему нас покидают лучшие из лучших? Батыр, ты навсегда в наших сердцах.. R.I.P", - деп жазды Алсу.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған  А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай