Қазақстанда білім беру гранттарына өтінім қабылдау мерзімі мен құжаттар тізімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда білім беру гранттарына өтінім қабылдау мерзімі мен құжаттар тізімі Фото:depositphotos.com

Ұлттық тестілеу орталығы білім беру гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ұлттық тестілеу орталығы білім беру гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Абитуриенттерден өтініш қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін (қоса алғанда) жалғасады. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Құжаттарды бірнеше тәсілмен тапсыруға болады:

  • жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы,
  • виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы,
  • eGov электрон үкімет порталының көмегімен онлайн форматта.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • жеке куәлік,
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты,
  • 3×4 көлеміндегі фотосурет,
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж дипломы.

Жеңілдіктерге үміт артқан абитуриенттер тиісті мәртебені растайтын құжаттар топтамасы да ұсынуы қажет.

B167 "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану" білім беру бағдарламасына түсуге ниет білдірушілер үшін қосымша талап – дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиясынан медициналық куәландырудан өту қарастырылған.

ҰТО мәліметінше, қабылдау ережелері мен қажетті құжаттар тізбесі туралы толық ақпаратты жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі алдыңғы жылдар деңгейінде сақталатынын хабарлаған болатын. 2026/2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінген. Оның 75 мыңнан астамы - бакалавриатқа, 11 мыңнан астамы - магистратураға және тағы 3 мыңға жуығы - докторантураға тиесілі.

Сондай-ақ ол білім беру гранттарын бөлу кезінде инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану бағыттарына басымдық берілгенін атап өтті.

TengriEdu