Қазақстандық оқушылар физикадан Еуропалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық оқушылар физикадан Еуропалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Швецияда өткен физикадан еуропалық олимпиадада үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengri Edu.


Не болды?

Швецияның Гетеборг қаласында физикадан 10-шы Еуропалық олимпиада (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) аяқталды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы беделді халықаралық жарысқа әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстан құрамасы төрт медаль – үш күміс және бір қола еншіледі.

Күміс жүлде иегерлері атанғандар:

  • Арғын Сейтқамит – Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
  • Тайыр Әбдіқадыр – Қостанай облысы "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Мерген Сабыров – Астана қаласы Nurorda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Қола медальді Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы Абылайхан Жоламан жеңіп алды.

"Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі жас физиктердің дайындық деңгейі жоғары екенін дәлелдейді және халықаралық білім беру кеңістігінде ел беделін нығайтуға ықпал етеді", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Ведомство оқушыларды олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов дайындағанын атап өтті.