Мектепте смартфон ұстау және мұғалімдердің жауапкершілігі: Тоқаев заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектепте смартфон ұстау және мұғалімдердің жауапкершілігі: Тоқаев заңға қол қойды Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда педагогтардың оқушылар үшін жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана заң жүзінде бекітілетіні хабарланған болатын. Сабақтан тыс уақытта төтенше жағдай болса, балалар үшін олардың ата-аналары немесе қамқоршылары жауап береді.

Сондай-ақ, педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы заң жобасын таныстыру барысында депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдер мен мектеп директорлары оқу процесінен тыс уақытта балалар үшін жауап бермеуі тиіс екенін ашық айтты.

Қазақстанда мұғалімдерден оқушыларға жауапкершіліктің бір бөлігі алып тасталады

TengriEdu