06 қараша 2015 11:20

Ақша айырбастау орындары долларды 311 теңгеден сатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,53 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 307,53 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

6 қарашада алғашқы келісім 302 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға болды. Ал ең жоғарысы - 309,5 теңге. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.

Доллар қазақстандық ақша айырбастау орындарында 300-311 теңге аралығында сатылып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банкі басшысының ауысуымен байланысты. 2 қарашада Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, оның орнына Данияр Ақышев келді. 

Еске сала кетейік, Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтынвалюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети