06 қазан 2015 17:50

Евро доллармен теңесуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvc.ru © tvc.ru

Евро әлсіреуі мүмкін. Тіпті, Еуропа валютасының құны доллар бағамымен теңесуі ықтимал, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасындағы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.


Евро әлсіреуі мүмкін. Тіпті, Еуропа валютасының құны доллар бағамымен теңесуі ықтимал, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасындағы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.

Оған Еуропа орталық банкінің "жұмсарту" шарасын ұлғайтуы әсер етпек. Яғни, кәрі құрлықтың реттеуіш құрылымы мемлекеттік облигацияларды молынан сатып ала бастайды. Әзірше банкирлер тиісті шешім шығармады. Бұл мәселе талқылану үстінде. Еуроаймақтағы өнеркәсіп өнімдерінің бағасы тамыз айында төмендеуі шенділерді осындай қадамға баруына итермелеп отырған көрінеді. Осы сектордағы жылдық мәндегі сандар 2,6 пайызға "жұқарған". Ал, шілде айымен салыстырғанда 0,8 пайызға азайыпты. Санақшылардың мәліметінше, қаңтар айынан бері ең төменгі дәрежеге дейін қысқарды. Оған энергия тасымалдаушылар бағасының арзандауы теріс ықпал етті. Мұндай жағдай дефляцияға дем беріп отыр. Сол көрсеткішті көтеру мақсатында Еуропа орталық банкі "жұмсарту" шарасын ұлғайтпақшы.

"Қазір реттеуіш құрылым бұл мәселені қызу талқылап жатыр. Еуропа экономикасының шоқырақтап тұрғаны жасырын емес. Наурыз айында іске қосылған бағдарлама бүгін-ертең нәтижесін береді деу қате пікір. Себебі бұл бағдарлама - ұзақмерзімді құрал. Мамандардың пікірінше, бас қаржы институтының қазан не қараша айында өтетін жиынында тиісті шешім қабылданады. Осылайша, инфляция көтеріледі деген үміт бар",- деді FIBO Group сарапшысы Евгений Слесарев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети