11 қараша 2015 11:48

Қаржы министрлігі бюджеттің қандай бағаммен бекітілетінін әлі білмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Қазақстан қаржы министрі Бақыт Сұлтанов алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетте теңгенің қандай бағамының қарастырылатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан қаржы министрі Бақыт Сұлтанов алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетте теңгенің қандай бағамының қарастырылатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент кулуарында журналистер қаржы министрінен үш жылдық бюджетте қандай бағамның қарастырылатынын сұрады. "Біз қазір бюджет параметрлерін талқылап жатырмыз. Біз әлі валюта бағамын талқылап жатырмыз. (...) Біз қазір теңге бағамының қандай болатынын талқылап жатырмыз. Сонымен қатар, көрсеткіштерді", - деп жауап берді Сұлтанов.

Ал қандай бағамның қарастырылатыны қашан белгілі болады деген сұраққа ол: "Дүйсенбі белгілі болады" деп жауап берді.

"Бізде қазір келесі жылғы бюджетке 1,6 пайыз жетіспеушілік анықталды, ол ішкі көздердің есебінен оны толықтай қаржыландыруға жол ашады. Бірақ біз нарықтағы жағдайды әрдайым зерттейміз", - деді Сұлтанов. 

Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды. Кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет бойынша комитетінің басшысы Гүлжан Қарағұсова алдағы үш жыл бюджетінің уақытында, 1 желтоқсанға дейін қабылданатынын мәлімдеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети