09 қазан 2014 | 16:04

Қазақстанда девальвация қайталанбайды - Досаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев. ©ortcom.kz Ерболат Досаев. ©ortcom.kz

Қазақстанда девальвация қайталанбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда девальвация қайталанбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгінде девальвация ертең немесе арғыкүні болады деген ақпарат жоқ. Сіздерге айтайын, девальвацияның болуы шамаланып отырған жоқ", - деді Досаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына жауап беріп.

Министр Үкіметтің Ресей Федерациясындағы экономикалық ахуалды жіті қадағалап отырғанын атап өтті. "Олардың биыл экономиканың өсімі 0,6 пайыз болады деп шамалағанын ескере отырып, болжамдарымыз өзгерді, бірақ соңғы уақытта халықаралық агенттіктер мен түрлі қаржы ұйымдары анағұрлым төменгі өсім туралы айтып отыр", - деді ол.

"Ұлттық банк Үкіметпен бірге Ресей рублінің я нығаятынын, я әлсірейтінін білу үшін алдын алу шаралары жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Досаев.

Бұған дейін "ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко рубльдің құлдырауынан теңге бағамының әлсіремейтінін айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, жуырда долларға қатысты жаңа антирекорд жасаған Ресей валютасының теңге бағамымен байланысты болғанына қарамастан, алаңдауға негіз жоқ.

Сороко рубльдің құлдырауы Қазақстанның Ұлттық банкінің қазіргі саясатының өзгеруіне әкеліп соқпайды деді. Оның үстіне, ұлттық реттеуші жуырда теңгенің долларға қатысты бағамының ауытқу шегін кеңейтті. "Бұл теңгенің бағамына сырттан болатын қысым байқалмайды деген сөз, сондықтан рубльдің құлдырауының елеулі әсері болады деп күтпейміз", - деді сарапшы.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети