27 қаңтар 2016 12:40

Қазақстанда теңгемен сақталатын депозит мөлшері аздап өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Inzoloto.ru © Inzoloto.ru

Девальвацияға қарамастан Қазақстанда теңгемен сақталатын депозиттер көлемі аздап артты, - деп хабарлайды Ranking.kz.


Девальвацияға қарамастан Қазақстанда теңгемен сақталатын депозиттер көлемі аздап артты, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2015 жылдың шілде-қыркүйек айларында ұлттық валютаның құнсыздануынан кейін болған қысқартудардан соң қазан-қараша айларында теңгемен сақталатын депозиттердің мөлшері 1,3 пайызға өскен. Қараша айының соңында Қазақстанның Екінші деңгейлі банктеріндегі депозит мөлшері жыл басындағы көрсеткішке жетті.

"2014 жылы жеке тұлғалардың депозит мөлшері теңгенің құнсыздануының күтілуінен тұрақты болған жоқ. 2014 жылы 11 ай ішінде жеке тұлғалар портфелі 20,3 пайыз жоғалтты. Сонымен қатар, Қазақстанда жекелеген нарықтағы долларландыру деңгейі өсіп жатыр. Егер бір жыл бұрын ұлттық валютамен сақталған депозит 39 пайызды құраса, 2015 жылдың аяғында ол 17 пайызға төмендеп, 22 пайызды құрады", - делінген басылым хабарламасында.

Басылымның мәліметінше, еліміздегі алты банкте девальвацияға қарамастан жағдай тұрақтанып, теңгемен сақталған депозит мөлшері артып жатыр.

"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" клиенттерінің депозит мөлшері 49,1 миллиард теңгеден 288,1 миллиард теңгеге өскен. Бұл жағдай осы банкке Қазақстандағы теңгемен сақталған депозит сигментінде өз үлесін 7 пайызға, яғни 20,8 пайызға дейін өсіріп алуға мүмкіндік берді.

Екінші орында "Қазком" тұр. Бұл банкте теңгемен сақталған депозит мөлшері 20,6 миллиард теңгеге өсіп, 213,5 миллиард теңгені құраған. Осы ретте "Қазкомның" үлесі 4,3 пайызға өсіп, 15,4 пайызды құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети