21 қазан 2023 10:34

Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2005-2010 жылдары Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау департаменті бөлімнің аға прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент басшысының орынбасары, Бас прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі - Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

Астана қаласының "Сарыарқа" ауданының прокуратурасын басқарды, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2018 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2022 жылдың маусымынан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Бас прокуратураның Стратегиялық дамыту департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2023 жылғы қаңтардан осы күнге дейін Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болып қызмет етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети