22 наурыз 2024 14:37

Александр Шевченко Майамидегі турнирдің екінші айналымына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстан теннис федерациясы Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Александр Шевченко Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Александр Шевченко Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 84-орында тұрған колумбиялық Даниэль Элай Галанды 6:7, 7:6, 7:5 есебімен ұтты.

Александр Шевченконың екінші айналымдағы қарсыласы әлемнің сегізінші ракеткасы, польшалық Хуберт Хуркач болмақ.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик осы турнирдегі алғашқы матчын өткізеді. Ол жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисші италиялық Маттео Арнальдимен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети