23 шілде 2014 20:12

Украинада екі Су-25 ұшағы атып түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су-25. ©Украина қорғаныс министрлігі Су-25. ©Украина қорғаныс министрлігі

Донбасс аспанынан Украинаның екі Су-25 ұшағы атып түсірілді, - деп хабарлайды УНИАН. Бұл ақпаратты Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (СНБО) ақпарат орталығының спикері Андрей Лысенко растады.


Донбасс аспанынан Украинаның екі Су-25 ұшағы атып түсірілді, - деп хабарлайды УНИАН. Бұл ақпаратты Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (СНБО) ақпарат орталығының спикері Андрей Лысенко растады.

Ал Антитеррорлық операциялар (АТО) штабының пресс-офицері Алексей Дмитрашковский украиналық штурмовиктерді Донецк халықтық республикасы (ДХР) жасақтарының атып түсіргенін мәлімдеді. "Соғыс ұшақтарының немен атып түсірілгені анықталып жатыр. Олар ДХР өкілдері бақылауға алған аумақтан атып түсірілді. Ұшақтар құлаған орында арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр, ол оқиғаның себептерін анықтауы тиіс", - деді Дмитрашковский. Ол әзірше құлаған ұшақтар ұшқыштарының тағдыры туралы мәлімет жоқ екенін хабарлады.

АТО баспасөз қызметі Facebook-те соғыс ұшақтарының Украина Қарулы күштері бөлімшелерінің отты қолдау көрсетуі кезінде атып түсірілгенін жария етті. "Құрлық әскері авиациясы ұшақтары бұл ауданда тапсырманы сәтті орындағаннан кейін проресейлік содырлар зенитті зымыран кешендерінен оқ атты. Зымырандар мен жылу қақпандарына қарсы амалдарды қолданғанға қарамастан, екі ұшаққа зақым келді. Ұшқыштар катапультаның көмегімен секіріп кетті", - деп хабарлады АТО штабының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 17 шілде күні Украинаның шығыс аймағының үстінде Malaysia Airlines компаниясының Амстердамнан шығып, Куала-Лумпурді бетке алған ұшағы апатқа ұшыраған еді. Лайнер бортында 298 адам болған, олардың бәрі қаза тапты. Киев ұшақты халық жасақтарының атып түсіргенін мәлімдеді. Донецк өкілдері болса, ұшақты атып түсіретін қаруының жоқ екенін айтты. Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі арнайы брифинг барысында ұшақ апаты кезінде сол нүктеде Украинаның Су-25 ұшағы болғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети