25 қаңтар 2016 11:16

Доллар 10 теңгеге арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 372,80 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алдыңғы сессияда шетел валютасы 382,87 теңге болған еді.


KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 372,80 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алдыңғы сессияда шетел валютасы 382,87 теңге болған еді.

2016 жылдың 25 қаңтарындағы таңғы сессияда алғашқы келісім 376,5 теңгемен жасалды. Ең жоғарғы баға да осы болды, ал ең төменгісі 370 теңгеге дейін төмендеді. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 370-375 теңгемен сатып жатыр. Айта кетейік, сессия барысында сауда көлемі 201,3 миллион доллардан асты.

Еске салайық, мұнай бағасы демалыс күндері өсе бастады. 23 қаңтарда Brent маркалы мұнай 10 пайызға қымбаттап, баррель құны 32,27 доллар көрсеткішіне жеткен болатын. Andurand Capital Management қорының негізін қалаушы Пьер Андюран мұнай шикізатының баррель құны биыл 50 долларға, ал 2017 жылы 70 долларға жететінін болжап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети