09 желтоқсан 2015 12:31

Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін мамандықтар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.mail.ru © news.mail.ru

HeadHunter Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2015 жылы күзде шикізат өндірісі, кеңес беру, құрылыс және құқықтану салаларының мамандарына ең жоғары еңбекақы ұсынылған.


HeadHunter Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2015 жылы күзде шикізат өндірісі, кеңес беру, құрылыс және құқықтану салаларының мамандарына ең жоғары еңбекақы ұсынылған.

Сарапшылар 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында жарияланған бос жұмыс орындарына талдау жүргізді. Осылайша олар қай сала мамандарына ең жоғары жалақының ұсынылатынын анықтады:

Шикізат өндірісі - 275 000 теңге (қазан 2015);
Кеңес беру - 187 000 теңге (қазан 2015);
Құрылыс - 150 000 теңге;
Құқықтану - 150 000 теңге (қараша 2015);
Өндіріс - 140 000 теңге (қыркүйек 2015).
Ең төмен жалақы мына сала мамандарына ұсынылған:

Әкімшілік қызмет - 80 000 теңге (қыркүйек – қазан 2015);
Қауіпсіздік - 85 000 теңге (қыркүйек, қараша 2015);
Ғылым, білім - 90 000 теңге (қыркүйек 2015).

"Кейбір салада қыркүйек және қараша айларының аралығында бақылау жүргізу арқылы жалақының біртендеп өскенін байқадық. Мысалы, мына салаларда: ақпараттық технологиялар; бухгалтерия, басқарушылық есеп, кәсіпорын қаржысы; маркетинг, жарнама, PR; әкімшілік қызмет; банктер, инвестициялар, лизинг; қызметкерлерді басқару, тренингтер; ғылым, білім; сауда", - деп мәлімдеді eadHunter Қазақстан сарапшылары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети