18 қазан 2023 14:03

Талғат Рахманберді Астанада аудан әкімі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Астана әкімдігі Фото: Астана әкімдігі

Талғат Рахманберді Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Талғат Рахманберді Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Астанада Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісім бойынша Байқоңыр ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға Талғат Рахманберді тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол еңбек жолын 2004 жылы "Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы" жастар қоғамдық бірлестігінен бастаған (Тараз). Әр жылдары "Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы" қоғамдық бірлестігін басқарды, ҚР Бас прокуратура институтының (Астана) қылмыстық процестің және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша біліктілікті арттыру бөлімінде аға прокурор, "Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы және т.б. қызметтерін атқарған.

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы сәуірден бастап "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Кейінгі жылдары "Астана қаласының қоғамдық даму басқармасы" ММ, "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы, қала әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети