25 тамыз 2015 15:18

2016 жылы ҰБТ өткізудің жаңа ережесі шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҰБТ өткізудің жаңа ережесі 2016 жылы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.


ҰБТ өткізудің жаңа ережесі 2016 жылы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астанада білім жүйесі қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жыл соңына дейін ҰБТ өткізу ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілетінін мәлімдеді. 

"Жыл соңына дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу ережелеріне оның ашықтығын қамтамасыз ететін толықтырулар мен өзгертулер енгіземіз деп ойлаймын, және келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында барлық ережелерді БАҚ-да жариялаймыз", - деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, аталған өзгертулерге түлектердің ата-аналары тарапынан келіп түскен көптеген шағымдар негіз болып отыр.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланысты мәселе көп. Министрлік тестілеу ойдағыдай өтті, оқушылардың білім деңгейі жақсы деп есеп берді. Бірақ, бәрібір ата-аналар тарапынан арыз-шағым азайған жоқ. Білім басқармалары, мектеп директорлары мен әкімдіктер статистиканың соңына түсіп, ҰБТ-ға барынша көп оқушы қатысса және жоғары балл жинаса болды дейді. Бірақ, бұл дұрыс емес", - деп атап өтті ол.

Бердібек Сапарбаев ҚР Білім және ғылым министрлігіне өткен жылдың қорытындысы бойынша бағытталған өтініштерді зерделеуді тапсырды.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері 2015 жылдың 2-8 маусым аралығындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орташа балл - 79,4 болған, бұл 2014 жылдағы (76,9) көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары. Ең жоғарғы баллды 5 түлек алды.

Кейін "Алтын белгі" иегері атанған 39 талапкердің білім беру грантына іліне алмағаны белгілі болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети