26 наурыз 2016 14:33

Қазақстан бес күндік оқу аптасына қалай көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР білім және ғылым экс-вице-министрі Мұрат Әбенов Қазақстанда оқу аптасын бес күндікке ауыстыру кезінде бірнеше маңызды мәселені шешу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР білім және ғылым экс-вице-министрі Мұрат Әбенов Қазақстанда оқу аптасын бес күндікке ауыстыру кезінде бірнеше маңызды мәселені шешу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектептегі бес күндік ол жақсы! Мен енгізуді қолдаймын. Бірақ... Шұғыл түрде бірнеше жүйелік маңызды мәселені шешу керек. Ал ол өте үлкен ақша мен көп уақыт. Қате жіберу қауіпті, себебі мұның артында үш миллионға жуық оқушы, бес миллионға жуық ата-ана мен 300 мыңнан аса мұғалім тұр", - деп жазды Әбенов Facebook желісіндегі парақшасына.

Оның есептеуінше, бағдарламаны 6-дан 5 күнге сыйдырудың үш жолы бар:

1) Пәндер мен сабақтарды 1/6-ға немесе 16 пайызға қысқарту;
2) Сенбі күнгі сабақтарды басқа күндерге қою, күндегі 6 сабаққа ең кемі 1-2 сабақ қосу;
3) Жазғы каникулды қысқартып, оқу жылын ұзарту.

"Бірінші вариант мектеп бағдарламасын қайта қарауды талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа сабақтар, оқулықтар, мұғалімдерді қайта оқыту. Ең бастысы сағаттарды қысқарту. Күрделі әлеуметтік проблема туындайды - мұғалімдердің жұмыс мөлшері қысқарады. Қазір олардың саны шамамен 325 мың. Егер жүктеме 16 пайызға қысқарады деп есептесек, ол шамамен 50 мың мұғалім болады. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерде көптеген мұғалімдер сағаттың жетіспеушілігінен 50 пайыз жүктемемен жұмыс істейді. Оларды қалай жұмыспен қамтуды ойлау керек. Ауылдарда олар үшін басқа жұмыс жоқ. Айтпақшы, мұғалімдердің жалақысы онсыз да жоғары емес", - дейді Әбенов.

Спикердің айтуынша, екінші вариант мектептердің барлығының бір ауысыммен жұмыс істеуін талап етеді.

"Сол кезде ғана сабақтарды түстен кейінге дейін созып, қосымша сабақтарды қоюға болады. Әзірше ондай мүмкіндік жоқ. Себебі біз әлі күнге дейін үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешкен жоқпыз. Еліміздің оңтүстігінде мектептер салынып үлгермей жатыр, себебі туу қарқыны оқу орындарын енгізу қарқынынан асып түседі. Жаңа мектептер салуды шұғыл түрде бастау қажет", - деді Әбенов.

"Үшінші вариант та оңай емес. Бір жылда орташа есеппен 34 оқу аптасы бар. Ол дегеніміз 34 сенбі. Демек, оқу жылына ең кемі бір ай қосу керек. Сонда жазғы каникул маусым айының соңында немесе оқу тамыз айының басында басталуы тиіс болады. Ата-аналардың демалысы қысқарады. Ата-аналарға жазғы демалысты басқаша жоспарлауға тура келеді. Бұл вариант бюджет үшін ең ауыртпалықсыз және мұғалімдердің штатын қысқартудан сақтайды. Бірақ бұл жерде де бір проблема бар - еліміздің оңтүстігіндегі ыстық климат. Мамыр айының соңынан бастап сыныпта отыру мүмкін болмайды. Сонымен қатар, мектептердің басым бөлігінде ауаны сәйкестендіру жүйесі қарастырылмаған. Біз бұдан әрдайым үнемдедік. Мамыр айында сынып терезелерін ашу естеріңізде шығар. Оқу бөлмелерінде температура + 18-ден + 23-ке дейін болуы тиіс. Ал оңтүстікте маусым айында орташа температура шамамен 30 градус болады, ал тамызда одан да жоғары. Санитарлық нормалар балалардың ыстық сыныптарда отыруына тыйым салады. Қауіпті. Далада құстар сайрап, бәрі гүлдеп, күн шақырайып тұрғанда қайдағы оқу? Әрине, оптимизм жеңеді "есесіне сондай романтика". Бірақ кондиционерлерді барлық 7500 мектептің сыныптарына қою керек. Балалардың денсаулығы қымбатырақ. Қысқасы, іс күрделі әрі қымбат тұрады. Бірақ қажет. Мен қолдаймын. Ең бастысы асықпау және ақымақтық істемеу", - дейді Мұрат Әбенов.

Еске сала кетейік, Назарбаев мектептерде бес күндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталары депутаттарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді. "Біз ЭЫДҰ-на ықпалдасудамыз және бізге солармен бірізді болу қажет. Барлық дамыған елдерде мектептерде бес күндік оқу аптасы әрекет етеді. Бала қалпына келіп, ал ұстаз демалып, сабаққа дайындала алады. Олардың кейбірлері тіпті төрт күндік оқу аптасы бойынша оқиды. Мұндай форматқа көшу - бұл дамыған елдердің жалпы әлемдік трендтері. Оқу аптасы қысқарған жағдайда оқудың нәтижелілігі артатынын ғалымдар да дәлелдеді. Бізге де осы практиканы енгізу керек. Оқу аптасын оңтайландыруды ең алдымен бастауыш мектепте енгізу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Кейін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқу аптасын қысқартуға дайын екенімізді, алайда оған 3-4 жыл уақыт керек екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети