01 қараша 2016 19:03

Полицейлер Қайрат Нұртастың қатысуымен болған жол апатына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Қайрат Нұртастың қатысуымен болған жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми сауалға жауап берген Қызылорда облыстық ІІД мәліметінше, 2016 жылдың 30 қазанында Қызылорда облысы Қазалы ауданында Toyota Prado көлігімен болған жол апаты аудандық ІІБ-нің есеп кітабына тіркелді.


Полицейлер Қайрат Нұртастың қатысуымен болған жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресми сауалға жауап берген Қызылорда облыстық ІІД мәліметінше, 2016 жылдың 30 қазанында Қызылорда облысы Қазалы ауданында Toyota Prado көлігімен болған жол апаты аудандық ІІБ-нің есеп кітабына тіркелді.

"Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар, бүгінге дейін полицейлерге осы дерек бойынша ешкімнің хабарласпағанын айтамыз", - деді ІІД өкілдері.

 

Өз кезегінде Қайрат Нұртастың директоры Лаура Сейітбекова жол апатының мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, Қайрат әкімдік берген көлікпен Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында өтуі тиіс концертке бара жатты. "Бұл көліктің ішінде Қайрат, оның әкімшісі және жүргізуші болды. Қайрат алдыңғы орындықта отырған. Жол апатының нақты неден болғанын айта алмаймын. Бірақ жүргізушінің айтуынша, олар түн ішінде жол жүріп келе жатып, жылқыны қағып өткен. Қайрат тізесін жаралап алды. Оның аяғы бинттелді, бірақ аяғындағы жарақатына қарамастан, Қайрат концертті өткізді. Келесі күні аяғын рентгенге түсірдік, сүйектеріне зақым тимепті. Қазір Қайраттың жағдайы жақсарды. Кеше Түркістанда концерт берді, бүгін тағы бір концертін өткізеді. Гастрольдер жалғасып жатыр", - деді Қайрат Нұртастың директоры.

Осыған дейін жол апатына ұшыраған Қайрат Нұртас қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтқан болатын. 

Айта кетейік, кеше, 31 қазанда әншінің жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың анасы жол-көлік оқиғасына түскен көліктің суретін жария еткен еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети