05 қазан 2015 18:43

Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті жас жұбайлардың туыстары жолдады Суретті жас жұбайлардың туыстары жолдады

Егіз жігіттер Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлылар егіз қыздар Асыл мен Айым Биназароваларға үйленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы егіз жігіттердің ағасы Сұлтан Ұзақбаев хабарлады. Оның айтуынша, той  2015 жылдың 9 қазанында Ақтауда өтеді. Кеше, 4 қазанда Асыл мен Айымның ұзату тойы өтті.

© vk.com

Ұзақбаевтың айтуынша, жастар Орал қаласында танысқан. Айта кетейік, жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты. "Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. "Сенің егізің бар ма?" деп сұрайды. Ол "иә" деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтыпты", - дейді егіздердің ағасы.

© vk.com

Айта кетейік, Айым да Асылдан кіші. Бұл оқиғалар 2014 жылы болыпты. Қалаға жігіттер оқуға келген. Олар Батыс Қазақстан облыстық Жәңгір хан атындағы университеттің студенттері. Мамандықтары - мал дәрігері. Ал қыздар мұғалім оқуында. "Біз оларға Маңғыстау облысы бойынша егіз қыздарды іздедік. Бірақ олар қалыңдықтарын Оралдан тапты", - деп әзілдеді Сұлтанбек.

© vk.com

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети