23 маусым 2014 10:02

Ислам Каримовтің немересі даулы сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Каримов немересімен. ©REN-TV Ислам Каримов немересімен. ©REN-TV

21 маусым күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің немересі - ақпан айынан бері Ташкентте қызымен бірге үй қамауында отырған Гүлнара Каримованың ұлының ресейлік REN-TV телеарнасына берген эксклюзивті сұхбаты шықты. Телеарнаның мәліметінше, бұл Өзбекстан президентінің үлкен немересінің алғашқы сұхбаты. Сұхбат беруді Өзбекстан президентінің аттасы - кіші-Каримов өзі сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


21 маусым күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің немересі - ақпан айынан бері Ташкентте қызымен бірге үй қамауында отырған Гүлнара Каримованың ұлының ресейлік REN-TV телеарнасына берген эксклюзивті сұхбаты шықты. Телеарнаның мәліметінше, бұл Өзбекстан президентінің үлкен немересінің алғашқы сұхбаты. Сұхбат беруді Өзбекстан президентінің аттасы - кіші-Каримов өзі сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

21 жастағы Ислам Каримов "Неделя" бағдарламасының жүргізушісі Марианна Максимовскаяға анасының үй қамауында отыруы, оған қастандық жасалуының себебі және анасы мен қарындасының бостандығы үшін қалай күреспек екені жайлы айтқан. Одан өзге, Ислам жүрналистерге бұған дейін ешбір БАҚ-та жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсеткен. Сұхбат Лондонда өткен (Каримовтің үлкен немересі Оксфордта оқиды).

- Сіз соңғы рет анаңызды қашан көрдіңіз?
- Мен оны соңғы рет қаңтар айында Ташкентте көрдім.
- Оның "Твиттердегі" аккаунтына қарағанда ол үй қамауында отырған сияқты ғой?
- Менің онымен байланысым шектеулі, сондықтан да мәселенің егжей-тегжейін білмеймін. Бір білетінім, анам мен қарындасымды үйден де, елден де шығармай отыр. Тіпті қарындасым оқуын жалғастыру үшін де қайта алмай отыр (Ұлыбританияға).
- Сіздің анаңызға қандай да бір ресми айып тағылған ба?
- Жоқ. Мен мұны бейресми үй қамауы дер едім.
- Сіздің анаңызды Өзбекстан президентімен біреулер ұрыстырып отыр деген сөз рас па?
- Мен мұны ұрыс демес едім, бұл оның (Өзбекстан президентінің) сыртынан жасалап жатқан жағдай деген болар ем. Егер жуық арада анамның менімен кездесуге мүмкіндігі болмаса, сондай-ақ өзінің емін жалғастыра алмаса, онда болып жатқан жағдайды жіті тексеру қажет болады.

Өзбекстан президентінің немересі өткен күз айларында атасымен байланысуға мүмкіндігі болғанын айтады. Ал 22 желтоқсан -туған күнінде оны президенттің үйіне жібермей қойған.

"Бұған дейін біз менің туған күнімді оның үйінде (президент Каримовтің) атап өтетінбіз. Бұл жолы сонда келгенімізде, бізді оның үйіне кіргізбеді. Ешқандай түсінік берместен, тек сондай бұйрық болғанын ғана айтты. Менің ойымша, ол біздің қанша уақыттан бері онымен кездесе алмай жүргенімізді білмейді", - дейді Гүлнара Каримованың ұлы.

"Президенттің отбасы төңірегінде не болып жатқанын білмеуі мүмкін бе?" деген сауалға кіші-Каримов "менің пайымдауымша, базбіреулер қулық әрекет жасап, оларды бір-біріне қарсы қойып, арасына от жақпақшы" дейді. "Біздің дұшпандарымыз оған болған жағдайларды керісінше айтып жеткізуі мүмкін. Егер онымен байланыссам не осы бағдарламаны көрсе, одан кейін ол тиісті шешім қабылдап, жағдайды түзейді деп ойлаймын" дейді президенттің немересі.

Кіші Каримов "Twitter"-дегі жазылған, біреулердің анасын уламақ болғаны жайлы ақпаратты растады. Сонымен бірге, оның сөзіне қарағанда, ол да қаскөйлердің нысанасына іліккен. "Бұл бұдан екі жыл бұрын болған еді. Анамды зорға аман алып қалды. Мен қатты уланбаған екем. Біз ем қабылдадық. Мен бір жарым жыл, ал анам әлі де емін жалғастырып жүр. Соңғы мағлұматтарға қарағанда, қазіргі уақытта емін жалғастыру үшін қажетті дәрі-дәрмек алуға оның мүмкіндігі жоқ" дейді Гүлнараның ұлы.

- Ал атаңыз қастандық жасалғаны жайлы біле ме?
- Иә, ол біледі. Ол қатты уайымдады. Меніңше қаскөйлердің басты мақсаты анамды улау болған, ал мен жағдайдың құрбаны болдым.

Бағдарламаға Гүлнара Каримованы жақтап, президент отбасымен таныс, әнші және Мемлекеттік Думаның депутаты Иосиф Кобзон қатысты. Ол орын алған жағдайға қынжылыс танытып, Гүлнара Каримованың қызы Иманның денсаулығына алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуына қарағанда, Иман жүрек ауруына шалдыққан. Әнші өзіндегі сияқты Иманға да кардиостимулятор орнатылғанын жеткізді және оны ай сайын бақылауда ұстап отыру қажет екенін айтты.

"Таңқаларлық жағдай, оны қалай шығармайды? Қажет болса ол жайлы мен Ислам Каримовпен сөйлесіп, немересінің денсаулығына көңіл аудару қажет екенін айтамын және оны ем алуға жіберуді сұраймын" деді Кобзон.

Өзбекстан президентінің немересі Гүлнара Каримованың кәсіпорынында істейтін қызметкерлердің және достарының қамауға алынғанын да растады. "Анаммен байланысы бар көптеген адамдар және оның достары қамауға алынған не із-түссіз жоғалған. Қазіргі уақытта 30-ға тарта адам жоғалған" деп ағынан жарылды телеарна сұхбатшысы.

"Біз әзірше бұл істің артында кім тұрғанын білмейміз. Біздің ойымызша ол адам елде беделді қызмет атқаратын тұлға болуы тиіс. Менің ойымша, бұл келесі жылы өтетін президент сайлауы алдында жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында әдейі жасалып отырған іс" деді кіші-Каримов.

- Сізді кәдімгі "алтын жастардың" өкілі дейді. Сәнді көлікті жақсы көресіз. Тіпті сіздің қымбат, бағалы көліктер кооллекцияңызды тартып алмақ та болған деседі.

- Біріншіден, менде автокөлік коллекциясы болған емес, екіншіден, менің анам өте қатал. Бұрын оны түсінбейтінмін, ал қазір сол үшін оған алғысым шексіз. Мен өзімді "алтын жастардың" өкілімін деп санамаймын.

- Сауалды төтесінен қойғаныма кешіріңіз, сонда сіз Ұлыбританияда қандай ақшаға күн көріп жүрсіз?
- Белгілі бір мөлшерде анамның берген ақшасы бар. Қазір менің оқуға төлейтін қаржыдан өзге шығыным жоқ.

- Сіздің тәрбиеңізге атаңыз қатысты ма?
- Иә, белгілі бір жасқа дейін. Кейінен анамның жұмысына байланысты біз бір қалдан бір қалаға көшіп жүрген соң атаммен сөйлесудің де сәті түспейтін. Ол менің өміріме және тұлға болып қалыптасуыма үлкен үлес қосты. Тіпті ата-анам ажырасқан соң ол маған өзінің тегіне жазылуға рұқсат берді.

Кіші Ислам Каримов анасы Гүлнара мен оның сіңлісі арасындағы қарым-қатынас жайлы ештеңе демеді. Десе де олардың арасы жақсы емес екенін айтты.

Сонымен қоса, кіші Каримов Өзбекстан президентінің отбасында орыс тілінде сөйлейтінін айтқан. Сондай-ақ оған діни нанымда еркіндік беріліп, ол ислам дінін таңдағанын жеткізді. Одан өзге ол білім алу үшін Оксфордты өзі таңдағанын айтты. Қастандық жасалғаннан кейін ол сабағына күзетпен баратын болған, сондай-ақ, курстастарының қандай отбасынан шыққаны жайлы сұрақтарынан қашады екен. Оған қоса ол қазір атасының қандай шешім қабылдайтынын, бұл жағдайдың немен бітетінін күтетінін айтқан.

Кіші Ислам Каримов 1992 жылы туған. Әкесі - Мансур Максуди, Ауғанстанның этникалық өзбегі, АҚШ азаматы. Гүлнара Каримовамен 1991 жылы отбасын құрған. Гүлнараға үйленген соң күйеуі Өзбекстандағы Coca-Cola компаниясы өкілдігінің директоры қызметіне тағайындалған. Мансур мен Гүлнара 2001 жылы ажырасқан

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети