Шөкеев Назарбаевтан өз құзыретін кеңейтуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шөкеев Назарбаевтан өз құзыретін кеңейтуді сұрады "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев. © Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Назарбаевтан өз құзыретін кеңейтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Назарбаевтан өз құзыретін кеңейтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысы барысында Шөкеев қорды өзгерту шеңберіндегі ойда бар дүниелерді жүзеге асыру үшін тәртіптің қажет екенін айтты. "Өзгертулер шұғыл әрі тікеден-тік орындалу үшін", - деді қордың басшысы.

"Ол тәртіпті кім орнатады?", - деп сұрады Назарбаев. "Өзгертулер тәртібі дегенім ғой, бүкіл холдинг бойынша сондай команданы тікеден-тік жіберу үшін менде құқықтың болғанын қалаймын", - деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.

"Сені тыңдамай ма?", - деп сөзін жалғады Президент. "Тыңдамайды дегенде, мысалы, мен өкілдіктер бойынша (Шетелдегі "Самұрық-Қазына" - Авт.) бір жыл бұрын басқарма шешімін шығардым, бірақ түрлі себептермен ол өкілдіктер әлі жабылған жоқ", - деді Шөкеев.

"Сен жассың, білімдісің, күшің тасып тұр, саған өкілеттілік берілді, қызметің бар, сен мені тыңдамайды деп шағымданбақшысың ба? Тыңдаудың өзі ыңғайсыз. Кім тыңдамайды, ал айт? "Самұрық-Қазынада" Өмірзақты кім тыңдамайды?", - деп сұрады Мемлекет басшысы. "Ол жерде мүдде жетерлік, маған сіздің бір ауыз сөзіңіз керек, болды", - деп жауап берді Шөкеев.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.56   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +25
Ақтау +23
Ақтөбе +20
Атырау +16
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +28
П
Павлодар +23
Петропавл +33
С
Семей +32
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +16
О
Орал +29
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер